Последние новости

Популяция құрылымы, таралуы, өзара байланыстары курстық жұмыс
2013-10-01 21:04 igrok

Жоспар

Кіріспе
І-тарау. Популяция құрылымы және таралуы
1.1 Популяция туралы түсінік
1.2 Популяцияның құрылымы

ІІ-тарау. Популяциядағы жануарлардың өзара байланыстары
2.1 Популяциядағы жануарлардың өзара тиімді байланыстары
2.2 Популяциядағы жануарлардың арасындағы біржақты тиімді байланыстары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер

Кіріспе

         Экологиядағы маңызды ұғымдардың бірі-популяция ұғымы.  Популяция сөзі латынша «рорulus»-халық дегенді білдіреді. Бұл терминді бір түр дарадағы топтарының генетикалық арақатынасындағы бірыңғай еместікті белгілеу үшін 1903 жылы В.Иогансен енгізді.

Популяция-белгілі бір гeографиялық территорияда тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. . Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция-бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлы тобы.

Популяция-биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияғв тән қасиеттерге өсу, көбею, даму орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады. Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті — олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бүл жүйенің өнімділігіне, био-логиялық алуантүрлілігіне, құқрылымдық-функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның уйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.

Комменсализм– екi түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бiр түр  өзiнiң iс –әрекетi арқылы екiншiсiне қорек немесе мекен-жай тауып бередi.  Мутуализм- түрлердiң арасындағы екi жаққа да тиiмдi қарым- қатынастың түрi. Нейтрализм- биотикалық қарым-қатынастың бiр түрi. Бұл қатынаста бiр территорияда тiршiлiк ететiн екi түр бiр-бiрiне зиянын да, пайдасын да тигiзбей өмiр сүредi.Бєсекелестiк (конкуренция)- экологиялық қажеттiлiктерi ұқсас түрлердiң арасындағы қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтiк, паразит пен иесi арасындағы қарым-қатынастар. Жыртқыш пен жемтiк, паразит пен иесi  арасындағы қарым-қатынастар тiкелей қоректiк байланыстар. Паразитизм – бір жануар (паразитті) екінші жануардың (иесінің) денесінің сыртында, не ішінде тіршілік етуін, оның денесінің ұлпаларынмен немесе сұйық заттарымен, ішегінің ішіндегі заттарымен қоректенуін, нәтижесінде иесіне үлкен зиян тигізетін, кейде ажалына да себеп болатын бірлесіп тіршілік ету әдісін айтады.

  Курстық жұмыс / 25 бет

Ғаламдық жылыну курстық жұмыс
2013-10-01 21:04 igrok

ЖОСПАР
Кіріспе…….3
1 Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға әсері…..5
2 Жаһандық жылыну себеп салдары…..7
3 Ғаламдық жылынудың әсерлері…….15
4 Озон қабатының бұзылуы -ғаламдық экологиялық проблема….17
Қолданылған әдебиеттер…….20

КІРІСПЕ

Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді.

Өзін “адамзат рухының құлдырау ке­зеңінде туғаныма өкінемін” деп санаған атақты неміс-француз ойшылы, әйгілі гуманист Альберт Швейцер “Малына қорек үшін шабындықтағы мыңдаған өсімдіктерді отайтын шаруа, еріккеннің ермегі үшін жол жиегінде өсіп тұрған бір тал гүлді жұлуға тиісті емес, себебі бұл жағдайда ол, ешқан­дай қажеттіліктен тумаған, табиғатқа қарсы қылмыс жасайды”, деген екен. Себепсіз бір тал гүл жұлмақ түгілі, тұтас ормандарды отап, те­ңіз­дерді құрғатқан адам­заттың “Асау та­биғаттың бермегенін тартып алайық!” деп даурыға ұрандағанын да білеміз. Әлі де “ат­тан­дап” келеді. Қан­ша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыз­дықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды.

Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бас­тауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жи­ғызбай барады. Мәңгі жасыл құрылық­тар­ды жаз ортасында қар басып, Гренландия­ның мұз құрсаулырының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр.

Ғалымдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктика мұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық қауымдастық 1980 жылдан бастап ғаламдық жылыну мәселесіне назар аудара бастаған болатын.

Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрап, қауіптің деңгейі өсе түсті.

Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды. Ғалымдар планетадағы климат жылылығы 2 градусқа жоғарылағанның өзінде Жер шарында 500 млн. адам ауыз судан тапшылық көреді, 3 градусқа жылығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік мұзды мұхитындағы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері бар екендігі айтылады. Ғалымдар арада 30-40 жыл өткенде Солтүстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгілдерінде толығымен мұз құрсауынан босанатындығын алға тартады. Әлемнің ең биік мұзарт шыңды Гималай тауларының да мұздақтарына еру қаупі ұлғайып келеді. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы да еріп кетуі мүмкін.

  курстық жұмыс / 30 бет

Байқоңыр экологиясы курстық жұмыс
2013-10-01 21:04 igrok

Жоспар

Кіріспе……..2

1- Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
1.1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі…….4
1.2 Космодром Байқонырдың табиғатқа әсері…..9

2- Тарау Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
2.1 Бүгінгі Байқонырдың мәселесі….12
2.2«Байқоңыр» ғарышайлағындағы экологиялық мәселелер…..20

Қорытынды…….26
Пайдаланған әдебиет тізімі……27

Кіріспе

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім.

Жиырма бірінші ғасырда адамзаттың алдыеда тұрған ғаламдық проблмалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әртүрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.

Бәріміз де тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі ұйлесімсіздікке әкеп соққанының, экономикалық мүдде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі болдық.  Қаржы тапшылығының мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келді.

Көздің қарашығындай қорғауды қажет ететін табиғат байлығына көңіл бөлу әлсіреп кетті. Осы мәселелердің ішінде үлкен мәселелердің бірі – Байқоныр.

Байқоныр төңірнгіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін биліктің онша ескере бермейтіні өкінішті.Мәселен, осыншама жыл бойына ғарыш айлағынан гептилмен жұмыс істейтін 2000 –нан аса замыран тасығыштар ұшырылыпты.

Байқоңыр – 1955 жыллы негізі қаланған Қазақстан Республикасының ғарыш айлағы. Қызылорда облысының жерінде орналасқан.  Байқоңырдан кезінде «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сияқты Кеңес Одағының ғарыштық корабльдері мен «Салют» орбитальды станциялары, сонымен қатар басқа да көптеген ғарыштық аппараттары ұшырылды. Тек осы жерден ғана ұшуы басқарылатын корабльдер ғарышқа шығарылады.

Қазіргі заманда ғарышкерлік-ғылыми-техникалық прогрестің болашағы зор болып саналады және ол ғылымның тез алға басуына көп үлес қосып, оны жаңа зерттеу құралдарымен, әдістерімен қаруландыратыны белгілі.

Ғарышты игеру адамзат дамуының жаңа техникалық деңгейіне шығуын ғана емес, оның дүние танымдық мүмкіндігінің кеңістік және уақыттық шектелуін де ұлғайтып, біздің қоршаған дүние туралы түсінігіміздің өзгертуіне жағдай жасайды.

Бұл курстық жұмыс Байқонырдың күрделі мәселелерін қарастырады.

  Курстық жұмыс / 27 бет

Арал теңізінің экологиялық ахуалы курстық жұмыс
2013-10-01 21:03 igrok

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І. Аралдағы адам денсаулығы
1.1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
1.2. “Возрождение” аралы алапат апаттың араны

ІІ. Аурулардың негізі
2.1. Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар
2.2. Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.

Арал — Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 — 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м — ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз — Өзбекстан жағында қалды.

Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл — Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл — Идриси, Әбу – л — Фида, сондай — ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан — жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік — батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми — зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды.

Курстық жұмыс / 38 бет

Әскери-космостық кешендердің экологиялық зардаптары дипломдық жұмыс
2013-10-01 20:59 igrok

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 тарау. Әскери-космостық кешеннің кәсіпорындарының Ресей және Қазақстан Республикасы территориясындағы орналасуы және әрекеттері. 5
1.1 Локолитет түсінігі. 8
1.2. Әуе шабуылынан қорғауға арналған «Ашулук» полигоны. 9
1.3. «Байқоңыр» космодромы. 10
1.4. «Тайсойған» ракета полигоны. 17
2-тарау. Батыс Қазақстан облысындағы ракеталық-ядролық полигондардың географиясы және оның зардаптары. 27
2.1. Медициналық-химиялық және радиоэкологиялық зерттеулер және оның нәтижелері. 27
2.1.1. «Азғыр» ядролық полигоны. 27
2.1.2. Батыс Қазакстан облысындағы радиациялық аномалиялар. 28
2.1.3. «Капустин-Яр» полигонының маңайындағы экологиялық жағдай және халықтың денсаулығы. 34
2.1.4. Батыс Қазақстан облысындағы халықтың жалпы денсаулығының құрылымы және деңгейі. 38
2.1.5. Әскери-космостық кешеннің кәсіпорындарының өндірістік әрекеті және оның сыртқы ортаға жасаған зардаптары. 44
3 тарау. Семей полигонының локолитеттік ерекшелігі және оның зардаптары. 48
3.1.Семей полигонының локолитеттік орналасуы. 48
3.1.1. Семей полигонының қоршаған ортаға зардаптары. 49
Қорытынды 55
Қолданылған әдебиеттер. 57

Кіріспе

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан территориясының және оған жақын Ресеймен шекаралас жерлерде бірнеше әскери космостық кешендер құрылымы жұмыс жасады. Бірақ, жетпіс жылы бойы олардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, саясаттық, этникалық және т.б. еліміздің қауіпсіздігі туралы ақпараттар, ғылыми еңбектер халыққа беймәлім болды. Әскери-космостық кешендердің табиғатқа, халықтың денсаулығына және т.б. зардаптары толығымен зерттелмеді, не болмаса жергілікті түрғындарға жария етілмеді. Мысалы, ракеталардың жанғыш токсикондарымен 80 млн. гектар жер ластанып, 1 млн-нан астам адамдардың денсаулығына зиян келтіріп отыр. Соңғы кездері (1999-2004 ж.) Рессейдің “Протон” ракеталарының бөлшектерінің Қазақстан территориясына құлауы (Қарқаралы ауданында Карбышевка селосы, Жаңарқа ауданының Атасу поселкесі аймағы) халықты одан сайын елеңдетіп отыр

Әскери-космостық кешендердің экологиялық зардаптары «Семей-Невада» сияқты қоғамдар, экологиямен айналысатын ғалымдардың еңбектері және т.б біртіндеп белгілі бола бастады. Оның ішінде С.Т.Тілеубергеновтың еңбектері: Полигоны Казахстана — Алматы: Ғылым, 1997 ж, Геоэкология —Алматы: Ғылым, 1996 ж, У.А.Кенесариевтің Батыс Қазақстандағы Әскери полигондар жайлы ғылыми еңбектері, Ж.А.Сұлтановтың Әскери-өндірістік кешендер туралы, У.М.Сұлтағазиннің еңбектері және т.б. жатқызуға болады.

Керекті ақпараттар мен мәліметтер жинау қиын болғандықтан, мен көбінесе баспадан жарық көрген ғылыми еңбектер мен мәліметтерге көп сүйендім. Оның ішінде Батыс Қазақстан, Қарағанды облысы экологиялық комитеттерінің мәліметтері және ‘»Семей-Невада» қоғамының ақпараттарын пайдаландым.

Дипломдық   жүмыс   жазуда   мен   өз   алдыма   мынандай   мақсаттар қойдым:

1. Әскери-космостық   кешендер   туралы   мәліметтерді   жинау   және оларды бір жүйеге келтіру;

2. Әскери-космостық кешендердің жалпы жұмысына сипаттама беру;

3. Батыс Қазақстандағы әскери-космостық  полигондардың медициналық,   химиялық, радио-экологиялық  зардаптарына   баға беру;

4. Әскери-космостық кешендерге     сипаттама   беруді географиялық тұрғыда қарау және баға беру.

5. Қарағанды облысына Семей ядролық полигонның зардаптарына баға беру.

 Дипломдық жұмыс / 60 бет

2007-2009 жылдардағы Қаржылық саясат курстық жұмыс
2013-10-01 20:58 igrok

Жоспар
Кіріспе………3-4

І тарау. Қаржы нарығының теориялық аспектілері
1.1. Қаржы нарығының қызметі, қажетті элементтері…..5-9
1.2. Қазақстанның қаржы нарығының құрылымы…..10-12

ІІ тарау. Қазақстанның қаржы нарығын талдау
2.1. Қазақстанның қаржы нарығының құрылымы……13-17
2.2. Бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері…….18-21
2.3. Қазақстанның депозиттер мен несие нарығы……22-24

ІІІ тарау. Қазақстанның қаржы нарығын жетілдіру жолдары…….25-28

Қорытынды……………29-30
Қолданылған әдебиеттер…………..31
Қосымша …………32

Кіріспе

         Тақырыптың өзектілігі: Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі,  қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.

Қаржы нарығын экономикада қор нарығы деп те атайды. Қазақстанда қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда. Әрі отандық, әрі шетелдік инвесторлардың қор нарығына мүдделігін күшейту үшін тетіктер мен шарттар қажет. Оның одан әрі дамуына жаңа қаржы құралдарын, қор биржаларының қосымша бөлімшелерін енгізу, инвесторлар үшін жеңілдікті шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Қаржы нарығындағы жоспарды үдемелі енгізу қор нарығы сегменттерінің: отандық қаржы нарықтары анықтайтын ішкі және сыртқы ТМД елдерінің қаржы институттары басым болатын сыртқы да кеңеюіне әкеледі. Қазақстанның қор нарығының әлеуеті айтарлықтай зор, әсіресе егер мұнда бүгінгі күні жалпы ішкі өнімге акция нарығын капиталдандыруды ескерсек, Еуроодақ елдеріне қарағанда 20 есе төмен, ал борыш бойынша 45 есе төмен.

         Қаржы нарығы-құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, несие, валюта, сақтық және тағы басқа капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде.

Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне байланысты жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жағдайы мен танысып және оны басқаруды жетілдірудің алуан түрлі бағыттарын меңгеру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-         берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;

-         қаржы нарығының жағдайын экономикалық тұрғыдан бағалау,

-         қаржы нарығының басымдылықтарын айқындау;

-         берілген мәліметтерді кең пайдалана отырып, теориялық тұрғыдан реттеу;

Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, ІІІ тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 32 бет

Адам капиталы курстық жұмыс
2013-10-01 20:58 igrok

ЖОСПАР:

КIРIСПЕ …………3

I-ТАРАУ. АДАМ КАПИТАЛЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI
1.1 Адам капиталы экономикалық категория ретінде…..5
1.2 Адам капиталының жүйе құрушы статусы теоретикалы- экономикалық зертеу пәні ретінд…..8

II-ТАРАУ. БIЛIМ – АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАМДАС БӨЛIГI
2.1 Адам капиталы теориясы көзқарасы тұрғысынан білімге салынған инвестиция………..14
2.2 Қазақстан Республикасындағы адам капиталының білім беру компоненті………..22
2.3 Білім беру көзқарасы тұрғысынан адам капиталына салынған инвестиция……………28

III-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БIЛIМ БЕРУДIҢ НӘТИЖЕСI
3.1 Бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi…………37

ҚОРЫТЫНДЫ ……..45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ……47

КIРIСПЕ

Бүгінгі таңда адам ресурсын қолдану мәселесі өзектi болып отыр. Қазіргі экономикалық жағдайда шешуші рөл адамдікі, сол себепті адам капиталын жан-жақты қолдану қажеттігі туындайды.

Экономикалық стратегияның бағытын, басымдылығын таңдауда жеткізуші мақсатты қойылымды анықтап, әлемдік тенденцияларды ескеру арқылы қоғамдық өмір мен экономикада не болып жатқанын түсінген дұрыс. Қазіргі таңда қоғамдық дамудың басты факторы ғылыми-техникалық прогресс емес, адам сапасы болып отыр.

Біздің ойымызша жаңа менталитеттiң құрылуы мен экономикалық қайта өңдеудiң, шаруашылық субъектiлердiң ойлауы мен әрекетiнiң идеологиялық негiзiнiң бiрi, адам капиталы теориясы болу керек, ол қазiргi күндегi нарықтық экономика жағдайын есептеп, ондағы ғылым мен бiлiм орнын анықтайды, халықтың ғлеуметтiк қарым-қатынасын құрудағы тұрақты теориялық база бередi.

Әлемдік жүйедегі болашақ орны мен рөлі адам капиталының сапасына байланысты. Өтпелі кезеңде ғсіресе адам дамуы мәселесі кең өріс алуда. Адам капиталы мәнінің өсу концепциясы адамды басты мақсат ретінде қарайды, мұның мәні қоғамдағы позитивтік өзгерістер мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі адамдардың негізгі қажеттіктерін қамтамасыз етуге ғсер етуі керек жғне еркіндік беріп, ерікті таңдауға мүмкіндік ашуы керек. Адам да өз әлемін басқаруда өзін-өзі басқару мүмкіндігі мен ынта жігерін дамытуға негізгі күштің бғрі бағытталу керек.

Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған жғне автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда.

Кез-келген елдегi бiлiм беру жүйесi – ұлттық мәдениеттiң, ұлттық танымның көрсеткiшi, ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерiстердi көрсетiп қана қоймай, өзгерiстерге ғсер етедi. Бiлiм тұлғаны ғлеуметтiк-экономикалық процеске тиiмдi қатысуын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор болып табылады. Сол себептi бүкiл әлемде бiлiм беруге ерекше көңiл бөлiнедi.

Жаңа XXI ғасыр өзінің әлеуметтік-экономикалық кеңістігіне шықты, оның орталығында — өзінің табиғи жғне жинаған қасиеттерімен, яғни мүмкіндігі, іскерлігі, өмірлік мамандық тғжiрибесімен адам тұр.

Дамудың стратегиясын дұрыс таңдап оны әрi қарай дұрыс жүзеге асырудан, жғне ең құнды ресурсы – адам капиталын дұрыс қолданудан Қазақстандағы экономикалық реформа нәтижесі мен болашағы шешіледі.

Тғуелсiз Қазақстан үшiн дамудың жоғары сатысы жеткен деңгейдi тұрақтандырып, ғрi қарай бiлiм берудi дамыту болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы адам капиталының дамуы жғне құрылуы. Зерттеудiң негiзгi алға қойылған мақсаттарды шешу:

-         Адам капиталы – экономикалық категория ретiнде.

-         Адам капиталы – соған салынатын инвестиция негiзi ретiнде.

-         Адам капиталының жүйе құрушы статусы теоретикалы экономикалық зерттеу пғнi ретiнде.

-         Адам капиталы теориясының көзқарасы тұрғысынан бiлiмге салынған инвестиция.

-         Қазақстандағы адам капиталының бiлiм беру компонентi.

-         Бiлiм беруге салынған салымның адам капиталына тиiмдiлiгi.

-         Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы жетiстiктер мен кемшiлiктерi.

Адам капиталының сапасы білім деңгейіне байланысты. Білімнің рөлі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен механизацияланған жғне автоматтандырылған еңбек үлесінің ұлғаюына қарай жоғарылайды. Қазақстанда объективтік жағдайларға байланысты адам капиталының дефициті тұр, сол себепті саны жағынан жетіспеушілікті толтыру үшін сапасына ерекше талаптар қойылуда.

      Қоғамның модернизациялануының негізгі шарты болып, жаңа әлеуметтік біліктілік пен рөлдерді адамдардың игеруі, қоғамның ашықтығын есепке ала отырып, адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени дамуы, олардың жедел ақпараттануы, өзгерістердің динамикасының өсуі болып табылады. Адам капиталын қоғам модернизациясы үшін қолданудағы жақсы жақтар төмендегідей.

    1. Құндылықтар құру арқылы нарықтық ортада ғлеуметтілікті жеңілдету, негізгі әлеуметтік жетістіктерді, экономика жғне әлеуметтік қатынастар саласындағы тғжiрибелік біліктілікті игеру арқылы өз жағдайы мен қоғам жағдайы үшін жауапкершілігі.
    2. Алкогольді, наркомания жғне қылмыстылықтың тарауына қарсы тұру, әлеуметтік емес жат қылықтарды болдырмауы тағы басқалары.
    3. Жас өспірімдердің әлеуметтік жғне экономикалық рөлдерінің жедел өзгертуін игеру арқылы, соның ішінде денсаулығы шектеу қоятын тұлғаларға арнайы білім беруді дамыту арқылы, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан талантты, пысық жасөспірімдерді қолдау арқылы қоғамдағы әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету.
    4. Ғаламдық әлемге, ашық ақпараттық құрылымға кіруге жас талаптардың енуiне қолдау көрсету.
    5. Өзіне инвестиция құйып, білім алатын ғр адам үшін қоғам еркіндік ресурсы мен таңдауға мүмкіндік беру керек.

Білімге әлеуметтік тапсырыс мемлекет тарапынан жасалатын тапсырыс емес, жанұя жғне кғсіпорындардың қызығушылығының да жиынтығы болу керек.

Курстық жұмыс / 47 бет

Акционерлік қоғам курстық жұмыс
2013-10-01 20:58 igrok

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……3

I Акционерлік қоғам қоғамдардың экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері және қызмет етуі…..6
1.2 Акционерлік қоғамдардың Қазақстан экономикасындағы ролі………..13
1.3 АҚ–дың өндірістік тиімділігін дамыту жолдары және стратегиялары……….17

II «Маңғыстаугеолигия» АҚ–ның экономикалық сипаттамасы
2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ – мы туралы қысқаша мәлімет, оның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау……22
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділігін талдау……26

Қорытынды……..34
Пайдаланған әдебиеттер көздері……….36
Қосымша……….37

Кіріспе

         Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.

Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қоғамдардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.

Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.

Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның дамуына біршама әсер етуде.

Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру салдарынан кәсіпкерліктің акционерлік нысанының кең таралуы – бизнестің әр түрлі сфераларында қайта құрылып жатқан акционерлік қоғамдар санының динамикалық түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік қоғамдардың экономико – құқықтық мәнін, оларды құқықтық қамтамасыз етудің және дамудың негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Осының бәрі курстық жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтады.

Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның  барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:

1.Акционерлік қоғам – акционерлік  заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:

Біріншісі: жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы;

Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.

Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу  болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.

Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).

2.Экономикалық белгі – жарна ретінде жарғылық капиалға акционерлермен берілген жинақталған мүлікті, сонымен қатар қызмет үрдісінде заңды негізде құрылған немесе иемденген қоғамды иелену.

3. Материалдық – құқықтық белгі, оған екі элемент кіреді: азаматтық айналымда өз атынан жеке түрде шығу қабілеті және жеке мүліктік жауапкершілік, яғни өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иемдену және міндеттерді өз мойнына алу қабілеті.

4. Процессуалды – құқықтық белгі – соттарда талапкер және жауапкер болу қабілеті. Заңнамаға сәйкес акционерлік қоғамдар соттарда міндеттемелерді орындау, өнімді, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. иемдену бойынша шаруашылық субъектілер ғана емес, сонымен қатар директорлар кеңесі мүшелерінің (бақылау кеңесі), коллегиялық атқарушы органның (басқарма, дирекциялар), сонымен қатар жеке атқарушы органның (бас директор, директор) мүшелеріне, басқарып отырған ұйымға немесе басқарушыға жауапкершіліктің негізі мен өлшемдері орнатылмаған болса, шығындарды өтеу, қоғамға олардың қателі іс — әрекеттерімен (іс — әрекет етпеуі) жасалған қателері бойынша талабымен сотқа жүгіне алады.

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.

Аталған жұмысқа сай, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

ü  нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық негіздерін ашып көрсету;

ü «Маңғыстаугеология» АҚ – ның технико – экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;

ü АҚ – дың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін қарастыру;

ü АҚ – дың тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибесіне талдау жасау;

  Курстық жұмыс / 37 бет

Ақша реформасы курстық жұмыс
2013-10-01 20:58 igrok

ЖОСПАР

Кіріспе

I АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты
1.2 Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
2.1 Теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілу барысы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша реформасының экономика үшін маңызы мен жаңа теңгені айналымға шығарудың қажеттігі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КIРIСПЕ

Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.

Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі тұнғыш жүргізген ақша реформасы негізінде елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады.  Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.

Сондықтан мен  курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы» деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілуінің негізгі себебі Қазақстан Республикасының толық егемендігін қамтамасыз ету, ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыру, экономикалық тәуелсіздігін қалыптастыру және барлық шаруашылқ басқаруды өз қолына алу болып табылатын.

Бұл жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым мен міндеттеріме: ақша реформасын ақша жүйесін қайта құрылымдаудың негізі ретінде оның экономикалық мәнін ашу, 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары мен жүргізілу барысын талдау және жүргізілген ақша реформасының бүгінгі таңдағы өзінің жалғасын табуын, экономикаға қосқан үлесін, ақша реформасын жүргізу аясында экономикада және қаржы саласында жеткен жетістіктер мен жүргізіліп жатқан қаржы-несиелік саясаттарға тоқталу болып табылады. Сонымен қатар биылғы қарашаның 15 жұлдызында айналымға жаңа теңгелердің шығу барысын атап кетуді көзделді.

 Курстық жұмыс / 30 бет

Ақша-несие саясаты курстық жұмыс
2013-10-01 20:57 igrok

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, ресурстарының түрлері және құралдары 4
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және мақсаты 4
1.2 Ақша-несие саясатының ресурстары 6
1.3 Ақша-несие саясатының құралдары 6

2 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстарын талдау 13
2.1 Ұлттық банктің ақша айналу жүйесін басқару 13
2.2 Ақша-несие саясатын жүргізудегі Ұлттық банктің ролі 13
2.3 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттарын талдау 14

3 Ақша-несие саясатының механизмі мен құрылымдарын жетілдіру 17
3.1 Салыстырмалы қатаң ақша саясаты және салыстырмалы икемді ақша саясаты 17
3.2 Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салықтық-бюджеттік, валюта саясаттарымен байланысы 18
3.3 Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, ақша-несие саясатын желтілдіру 21

Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

       Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Ақша-несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.

Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

Еліміздің ақша-несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.

Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:

1 Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.

2 Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.

3 Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі: мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық, қаржы секторының ақуалы: банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы, нарықтық институттардың дамулығы: тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы.

4 Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктерін тереңірек зерттеу, нарықтық макроэкономикалық принциптері бойынша құрылымын анықтау, оның тиімді және тиімсіз жақтарын қарастыру ұсынылған жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Курстық жұмыс / 26 бет